BASIC
59 990 ₸
- Бейне сабақтарға қолжетімділік
- Толық бағдарлама - 14 сабақ
Инвестор Блогер RECAAP CEO
Жеке қаржы, инвестиция және капитал құру
бойынша практикалық өнімдер
14 күнде жеке қаржыңызды жүйелеп,
инвестицияға алғашқы қадам жасайсыз
14 күндік бағдарлама
14 күннен кейін сізде болады
5 нақты нәтиже
Қатысу форматын таңдаңыз
59 990 ₸
179 000 ₸109 990 ₸
PRO форматтағы қолдау
Ол сізді «неге тапсырма жасамадың?» деп соңыңызға еріп жүретін адам емес
Түсінбей қалған жер болса, бірге талдайды. Кері байланыс беріп, алға жылжуға көмектеседі
Алдын ала айтайын
Курсты сатып алу ≠ өмірдің автоматты түрде өзгеруі. Сондықтан бірден ашық айтқым келеді.
«Еркебұлан, менің орныма ойлан.»
«Не алу керегін өмір бойы айтып отыр.»
«Өзім ештеңе жасағым келмейді.»
Онда бұл курс сізге емес.
Бұл да біздің формат емес. Біз көмектесеміз - бірақ сіздің орныңызға ойламаймыз, әрекет етпейміз және шешім қабылдамаймыз.
Көмек сұрасаңыз - максимум көмектесеміз.
Бірақ сіз де өз тарапыңыздан әрекет етесіз. Баспалдақпен өзіңіз көтерілесіз.
Кімге арналған
Негізгі шарт - табысыңыз бар және енді капитал құрғыңыз келеді. 400-500 мың ₸-ден жоғары табыста ақшаны жүйелеу мен капитал жинау нақты мағына береді.
Пікірлер
Осы инвестиция курсы мен үшін өте пайдалы болды. Бұрын ақша басқару мен инвестиция туралы түсінігім үстірт еді, ал қазір нақты стратегиялар мен құралдарды меңгердім. Курс барысында тәуекелдерді бағалау, қаржыны дұрыс бөлу және ұзақ мерзімді ойлау сияқты маңызды дағдыларды үйрендім. Ең ұнағаны - ақпараттың түсінікті әрі практикалық түрде берілуі. Қазір алған білімімді өмірде қолданып, қаржылық мақсаттарыма сенімді түрде қадам жасап жатырмын. Осы курсқа қатысқаныма өте ризамын. Еркебұлан мырзаға, Әділжан мырзаға, Айдос мырзаға және жалпы командаға осындай сапалы білім беріп, қолдау көрсеткендері үшін үлкен рахмет! Қазіргі таңда ай сайын инвестицияға салған сомамды толық есептесем: ақпан айында шамамен 28 240 тг, наурыз айында 443 715 тг, сәуір айында 196 974 тг инвестициялдым
Осы курсты қызыға оқыдым, бұрын тегін курстарыңызға әркез қатысатынмын, ақыры бел буып ақылы курс оқуды шештім. Себебі: ақылы курста толық ақпараттар, кері байланыстар уақытылы болды, қаржылық сауаттылығым артты, ақшаны жинау мен басқаруды үйрендім! Осы курсты қаншалықты ақылы болса да оқығаныма өкінбеймін. Осы оқыған курсты толық шыңдандырып алғансоң, болашақта Еркін мырзаның басқа да курстарына қатысатын боламын, өйткені заман орнында тұрмайды, әрқашан білімді арттырып отыру керек деп ойлаймын
Бұрын «инвестиция» деген сөзден қалың тұман болатын. Еркебұлан мырзаның курсынан кейін көп зат үйрендім. Күрделі пайыз, орташаландыру, психологиялық қателіктер - бәрін қазақша, миға қонатындай жеткіздіңіз. Ең бастысы - практика. Сабақта бірден брокер шот жаттыққанымыз күшті болды. Енді ай сайын табысымның 24%-ын салатын әдет қалыптастырып жатырмын. Жаңадан бастағандарға 100% ұсынамын. Қазір ай сайын 100 000 тг салып отырмын. Алдағы 5 жыл 2 айда 12 000 000 жинаймын деген мақсат бар
Еркебұлан мырза және командасына алғысым шексіз. Өте көп білім алдым. Инвестиция - бұл жай ақша салу емес, бұл өз болашағыңа сеніммен жасалған қадам. Бүгінгі кішкентай салым ертең үлкен нәтижеге айналады. Ең бастысы - бастау. Күтпей, қорықпай кішкентай сомадан болса да бастау - табысқа апарар жолдың басы. Ай сайын 150 000 теңге салып отырмын. Алдағы 7 жылда 31 000 000 жинаймын
Мен алдын ойлайтынмын ақшаны тек қолмен және қара жұмыспен ғана табуға болады деп. «Қаржылық сауаттылық» курсын оқып көзім ашылды, келешекке подушка безопасности жинап жатырмын. Ай сайын 100K-120K инвестицияға салып жатырмын. Мақсатым алдағы 5 жылда 6 000 000 теңге жинау
Нәтиже - бірінші акция, ETF, облигация сатып алдым. Ойым - өте оңай әрі пайдалы курс. Мақсатым $100 ай сайын салып отыру, 7 жылда $100к жету
FAQ
Иә. Базаны түсіну үшін 2 апта жетеді. Бірақ қаржыны басқару - өмірлік дағды: курс бітеді, қолдану жалғасады.
Экономист болудың қажеті жоқ. Қосу, алу, көбейту, пайызды түсіну және қарапайым сайт немесе қосымшаны қолдану қолыңыздан келсе - база жеткілікті.
BASIC - бейне сабақтарға қолжетімділік. PRO-да оған қоса куратор, үй жұмысын тексеру және апта сайынғы тікелей эфир бар.
Курсты сатып алғаннан кейін сізге жабық инвесторлар клубына қосылу сілтемесі беріледі. Курс қатысушылары үшін клубқа алғашқы 2 апта тегін. Одан кейін клубта қалу - өз таңдауыңыз.
Кез келген табыспен инвестицияны бастауға болады
Ия, бізде бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Бірақ ескерте кетейік: курс үшін қарызға кіруді ұсынбаймын. Егер ақшаңыз бар, бірақ бөліп төлеу жай ғана ыңғайлы болса - бұл басқа мәселе. Ал «ақшам жоқ → кредит аламын» деген нұсқа - жоқ.
Курстың соңында сізде өз қаржыңызды басқаруға арналған нақты жүйе мен 12 айлық жоспар болады. Сонымен қатар, Жабық инвесторлар клубына 2 апта тегін кіріп, әрі қарай ортада дамуды жалғастыра аласыз. Клубта қалу - өз таңдауыңыз.
Куратор курс барысында сұрақтарыңызға жауап береді, үй тапсырмалары бойынша кері байланыс жазады. Мақсаты - сізді бақылау емес, материалды дұрыс түсініп, практикада қолдануға бағыт беру
Келесі қадам
Telegram-ға жазыңыз: тариф таңдауға көмектесеміз
Бұл жай ғана инвестиция туралы ақпарат алатын жабық канал емес. Бұл - қаржылық сауаттылықты арттырып, қаржылық еркіндікке ұмтылатын және бірге дамитын адамдар ортасы.
Нелерді талқылаймыз
Инвестициядан бөлек, күнделікті өміріміз бен дамуымызға қатысты маңызды тақырыптарды да қозғаймыз. Мысалы:
Бұл - тақырыптардың бір бөлігі ғана. Талқылау осымен шектелмейді: клуб мүшелеріне не қызық болса, соны қозғаймыз.
Интенсивті білім беру бағдарламасы да емес.
Бұл - еркін талқылау, әңгіме және тәжірибе алмасу форматына құрылған клуб. Мұнда дайын ақпаратты ғана тыңдап қоймай, сұрақ қойып, өз ойыңызбен бөлісіп, басқа қатысушылардың тәжірибесінен үйренесіз.
Біздің мақсатымыз - бірге өсетін орта қалыптастыру.
Өйткені инвестиция жасайтын ортада жүргенде, инвестиция туралы көбірек ойлайсыз, тәжірибе жинайсыз және жаңа мүмкіндіктерді көресіз.
Біз клубқа тек ақпарат алу үшін емес, өзіңізді дамытатын, ой-өрісіңізді кеңейтетін және бірге алға жылжитын орта үшін келуіңізді қалаймыз.
Жақсы орта - дамудың бір бөлігі.
Қалай қосылу керек
Клубқа кіру @JabiqInvestBot арқылы жүреді.
Маңызды
Клуб материалдары - жеке инвестициялық ұсыныс емес. Кез келген шешімді өзіңіз қабылдайсыз.
Клубқа жазылу
14 990 ₸айына
Клубта қандай орта
Қосылу
Қосылу ботымыз арқылы жүреді: @JabiqInvestBot-қа өтіп, нұсқаулықты орындасаңыз жеткілікті.